Отандастарымыздың өмірін жеңілдетуге арналған екі цифрлық сервис туралы айтып бергім келеді. Бұл – «Әлеуметтік әмиян» және «QazaqGazAimaq» акционерлік қоғамы әзірлеген мобильді қосымша.

Бірінші әлеуметтік әмиян туралы:

«Әлеуметтік әмиян» бұл EGOV Mobile қосымшасындағы сервис, ол атаулы әлеуметтік көмекпен тұрғын үй көмегін (АӘК және ЖК) алушыларға электрондық ваучерлер түрінде тауарлық газға жеңілдік алуға мүмкіндік береді.

Бұл тұрғындар үшін ыңғайлы:

− себебі смартфон арқылы ваучерді толығымен онлайн алуға және белсенді етуге мүмкіндік береді;

– аталмыш шара Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің және «QazaqGazAimaq» компаниясының базаларынан алынған деректерді автоматты түрде назарға ала отырып, азаматтарды қағаз анықтамаларды жинаумен оны тиісті орындарға өткізуден босатады;

– күту уақытын қысқарту және қателерді азайту арқылы процедураның ашықтығы мен қарапайымдылығын қамтамасыз етеді.

2025 жылғы 1 шілдеден бастап тырнақалды бастама Қазақстанның барлық аумағына сәтті таралды.

204 мың текше метр газ көлеміне жалпы сомасы 2,6 млн. теңгеге 9,5 мыңнан астам ваучер берілді. Әкімдіктер 7,2 мыңнан астам ваучерді қолма-қол іске қосты. «Әлеуметтік әмиян» сервисі арқылы 2,3 мыңға жуық ваучер дербес іске қосылды.

Осылайша «Әлеуметтік әмиян» жеңілдік алу процесін оңайлатып, оны жылдам, қолжетімді және әр отбасы үшін ыңғайлы етеді. Qazaq GazАimaqмобильді қосымшасы газды есептеу құралдарынан деректерді ыңғайлы және жылдам беруге арналған.

Тұрғындар үшін ыңғайлы. Себебі көрсеткіштерді бақылаушының келуінсіз және байланыс орталығына қоңырау шалусыз жіберуге мүмкіндік береді. Смартфон арқылы кез келген уақытта және кез келген жерден қолжетімді. Деректерді автоматты түрде бекіту және дұрыстығын тексеру арқылы қателерді азайтады. Есептеулердің ашықтығын қамтамасыз етеді және берілген көрсеткіштердің тарихын бақылауға мүмкіндік береді.

Осылайша тиісті қолданба оқу процесін жеңілдетеді, уақытты үнемдейді және қызмет көрсетуді қолжетімді және заманауи етеді.

Қазіргі уақытта 157 мыңнан астам адам қосымшаны жүктеп алып, жеке шоттарын оған енгізді және тек тамыз айында 60 мыңнан астам көрсеткіш берілді.

QazaqGaz Aimaq мақсаты цифрлық технологиялар әр отбасына көмектесіп, уақыт үнемдеп, күнделікті өмірде жайлылық туғызуы.

(Қызылорда Өңірлік коммуникациялар қызмет алаңындағы брифингтен)

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған