Биылғы жылдың 28 қыркүйегінде Қазалы ауданы әкімі сайлауы болып өтті. Оған жергілікті “Amanat” партиясы партия төр ағасы А.Есмахановты ұсынды. Өздерін өздері ұсынған, халық облсобез атайтын облыстық жұмыс пен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ғ.Жаңабаев, облыстық дін істері басқармасының басшысы М.Қазбекова, облыс тық ветеринария басқармасының басшысы Ш.Қойшыбаев, облыс тық энергетика және тұрғынүй шаруашылығы басқармасы басшы сының орынбасары Б.Измағанбетовте бақ сынады.
Облыстық сайлаукомның ресми ақпараты бойынша сайлаушылар тізіміне 47219 азамат енгізілген. Дауыс беруге 32337 сайлаушы қатысқан.
Есмаханов Алмасбек Әбілқасымұлы үшін 21096, Жаңабаев Ғабит Жұмабекұлы үшін 3240, Қазбекова Мира Жомартқызы үшін 2984, Қойшыбаев Шахмардан Сұлтанбекұлы үшін 2605, Измағанбетов Бауыржан Нұрланұлы үшін 1994 дауыс берілген.
“Барлығына қарсы” белгісі бар бюллетеньдер саны 215 болған.
Сайлау қорытындысымен Қазалы ауданының әкімі болып жергілікті “Amanat” партиясының төрағасы Есмаханов Алмасбек Әбілқасымұлы сайланып, Қазалы ауданына әкім болып кетті.
Қазалы ауданы әкіміне сайлау науқаны басталғалы бері үміткер бесеудің арасында А.Есмахановтың әкім болып, Қазалы еліне еге болатынына нық сенімді болған жұртшылық, енді оның орнына жергілікті “Amanat”қа кім төраға болып келетіндігі туралы әр тарапта пікір таластырып жүр…