Талап қоюшы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны сотқа талап қою беріп, онда жауапкер «А» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тануды сұраған.

Анықталғандай, мемлекеттік сатып алу конкурсының жеңімпазы болып «А» серіктестігі танылып, тараптар арасында шарт жасалған. Шартқа сәйкес, серіктестік 640 000 теңгеге тиісті деңгейде аудит бойынша қызмет көрсетуге міндеттенген.

Алайда, серіктестік шартта көзделген міндеттемелерін орындамаған.

Сотта тараптардың түсініктері тыңдалып, дәлелдемелер зерттеліп, талап қою қанағаттандырылып, жауапкер «А» серіктестігі мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп танылды.

Қызылорда облысының мамандандырылған экономикалық соты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған