Қазалы аудандық сотында Б.-ға қатысты ӘҚБтК-нің 73-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
Азамат Б. алкогольдік мас күйінде әйелі азаматша З.-ға былапыт сөйлеп, жанұя шырқын бұзып, сыйламаушылық танытып, осы әрекетін әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасаған.
Б.-ның кінәсі іс құжаттарымен қоса, өзінің берген түсінігімен, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен және тағы да басқа құжаттармен дәлелденген.
Сот құқық бұзушының жауаптылығын жеңілдететін мән-жайлар ретінде оның кінәсін мойындағанын және өкінгенін, жауаптылықты ауырлататын мән-жай ретінде бұрын осы тектес құқық бұзушылықты жасағанын ескеріп, азамат Б.-ны ӘҚБтК-нің 73-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп тауып, оған 40 сағатқа қоғамдық жұмыстарға тарту жазасын тағайындады.
Қазалы аудандық соты