Қызылорда қаласының №2 сотында 2025 жылғы 16 шілдедегі «Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасын оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» №210-VIII Заңын талқылауға арналған семинар өткізілді.
Сот төрағасының міндетін атқарушы Е.Құтыбаев өз сөзінде аталған заң қылмыстық заңнаманы жетілдіруді, кейбір қоғамдық қауіпті іс-әрекеттер үшін жауапкершілікті күшейтуді, сонымен қатар, қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарын қорғауды арттыруға бағытталғанын атап өтті.
Сонымен қатар, Қылмыстық, Қылмыстық-процестік және Қылмыстық-атқару Кодекстеріне енгізілген өзгерістер бойынша баяндамалар тыңдалып, енгізілген жаңашылдықтар туралы түсіндірмелер берілді.
Қызылорда қаласының №2 соты