Азаматша А. өзінің азаматтық некедегі жұбайы 61 жастағы азамат М.-ға былапыт сөздер айтып, отбасы-тұрмыстық қатынаста тұратын тұлғаға сыйламаушылық білдірген.
Сот отырысы барысында азаматша А. өз кінәсін мойындап, жәбірленушіден кешірім сұрады.
Өз кезегінде М. азаматтық некедегі жұбайы 28 жастағы А.-ны кешіретінін мәлімдеді.
Сот қаулысымен тараптар медиация тәртібімен татуласуына байланысты азаматша А. әкімшілік жауаптылықтан босатылды.
Қызылорда қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты