Байқоңыр қалалық сотында Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 434-2-бабы 1-бөлігі бойынша 3 азаматқа қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер қаралды.
Анықталғандай, құқық бұзушылар ортақ пайдалану орындарын ластап, шағып тұрған шемішке қабығын белгіленбеген орындарға тастаған.
Сот отырысында олар кінәларын мойындап, жасаған әрекеттеріне өкінетіндерін білдірді.
ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 434-2-бабы 1-бөлігіне сәйкес, ортақ пайдаланылатын орындарды, саябақтарды, скверлердi ластау, оның iшiнде белгiленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастау әкімшілік жауаптылыққа алып келеді.
Сот қаулыларымен құқық бұзушылардың әрқайсысына 27 524 теңге әкімшілік айыппұл салынды.
Байқоңыр қалалық соты