Қазақ халқының ұлы ақыны, ғұлама ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы аясында Арал аудандық сотының судьялары мен мамандары арасында тоғызқұмалақ ойынынан сайыс ұйымдастырылды.

 Сот төрағасы Р.Алдамбергенов шараны ашып, тоғызқұмалақ ойыны қазақ халқының мәдени-рухани мұрасы және ерекше зияткерлік ойын екенін атап өтті. Сонымен қатар, Абай Құнанбайұлының тоғызқұмалақтың шебер ойыншысы әрі жарыстардың ұйымдастырушысы ретінде де танылғанын жеткізді.

 Турнир барысында қатысушылар жоғары деңгейдегі шеберліктерін, терең стратегиялық ойлау қабілеттерін көрсете білді.

 Сайыс барысында сот мамандары Абай Құнанбайұлының өлеңдері мен қара сөздері оқып, ақынның шығармашылығына құрмет көрсетті.

 Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар Алғыс хаттармен марапатталды.

 Арал аудандық соты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған