Сырдария аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігімен азамат У.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
Азамат У. жәбірленуші Қ.-ға былапыт сөйлеп, үй тұрмысындағы заттарды бүлдіріп, отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастағы азаматтарға сыйламаушылық көрсеткен.
Сот отырысында У. әрекетін толық мойындап, жәбірленушіден кешірім сұрап, татуласқанын көрсетіп, істі өндірістен тоқтатуды сұраған.
Жәбірленуші Қ. жазбаша арызында әкесіне кешірім беретінін көрсетіп, іс жүргізуді тоқтатуды сұраған.
Сот қаулысымен У. тараптардың татуласуына байланысты әкімшілік жауаптылықтан босатылды.
Сонымен қатар, оның мінез-құлқына үш ай мерзімге алкогольдік ішімдік ішуге, есірткі, психотроптық заттарды қолдануға толық көлемде тыйым салуды көздейтiн ерекше талаптар белгiленді.
Сырдария аудандық соты