Талап қоюшы Байқоңыр қалалық сотына жауапкерден бала үш жасқа толғанға дейін өзінің асырауына алимент өндіріп алу туралы талап қоюмен жүгініп, жауапкер өз еркімен материалдық көмек көрсетпейтінін мәлімдеп, жауапкерден бала үш жасқа толғанға дейін ай сайын 15 АЕК мөлшерінде алимент өндіріп алуды сұрады.
Тараптарға дауды татуластыру рәсімдерінің көмегімен реттеу жөніндегі құқықтары түсіндірілді. Нәтижесінде, тараптар дау бойынша өзара келісімге келді.
Келісімге сәйкес, жауапкер талап қоюшыға әр айдың 15-не дейін, бала үш жасқа толғанға дейін 10 АЕК мөлшерінде жұбайын асырауға алимент төлеуге міндеттенді.
Сот ұйғарымымен тараптар арасындағы медиативтік келісім бекітіліп, іс жүргізу тоқтатылды.
Байқоңыр қалалық соты