Сот Әкімшілігінің Қызылорда облысы бойынша Департаментінің ұйымдастыруымен «Атқарушылық іс жүргізу барысында туындайтын мәселелер және оларды шешу жолдары» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Оған Сот Әкімшілігінің Қызылорда облысы бойынша Департаменті басшысының орынбасары Е.Бөрібаев, соттар әкімшілерінің басшылары, ұйымдастыру-талдау бөлімінің мамандары, Қызылорда облысы бойынша Әділет департаментінің сот орындаушыларының қызметін реттеу және бақылау бөлімінің басшысы Ж.Абсат, мемлекеттік сот орындаушылары және жеке сот орындаушылардың өңірлік палатасының өкілдері қатысты.
Жиынды Департамент басшысының орынбасары Е.Бөрібаев ашып, қатысушыларды күн тәртібімен таныстырып, атқарушылық іс жүргізу барысында туындайтын мәселелерді атап өтіп, кедергілерге тоқталды.
Дөңгелек үстелде атқарушылық іс жүргізуге қатысушылардың бұзылған құқықтарын уақытылы қалпына келтіру, сот актілерін орындау барысында әуре-сарсаңға жол бермеу, сот орындаушылардың жауапкершілігін арттыру, атқарушылық өндірісті қозғаудан бас тарту, атқару құжаттарын кері қайтару мәселелері талқыланды.
Жиынға қатысушылар қолданыстағы заңнаманың талаптарын сақтау, бірыңғай құқық қолдануды қамтамасыз ету, атқарушылық іс жүргізу кезінде тараптардың құқықтарын бұзудың алдын алу бойынша ұсыныстарын білдірді.
Сонымен қатар, қазіргі уақытта айыппұлдарды «Робот-сот орындаушы» арқылы өндіру барысында туындайтын кедергілерді бірлесіп шешу жолдарын қарастыру қажеттілігі айтылды.
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі