Сырдария ауданының тұрғыны А. есімді азамат Сырдария ауданы, Бесарық ауылында алкогольді масаң күйде автокөлігін басқарған.
Медициналық куәландырудың қорытындысына сәйкес, жүргізуші орта дәрежелі алкогольді масаң күйінде болған.
Сот отырысында оның құқық бұзушылық әрекеті, өзінің кінәсін мойындаған жауабымен, сондай-ақ сотта зерттелген іс құжаттарымен толық дәлелденген.
Аудандық соттың қаулысымен азамат А. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 15 тәулік әкімшілік қамаққа алынып, көлік құралын басқару құқығынан 7 жыл мерзімге айырылды.
Сырдария аудандық соты