Байқоңыр қалалық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 293-бабының 3-бөлігінде көзделген сотталушы И.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.
Іс құжаттарына сәйкес, сотталушы И. қоғамдық орында, жерге тізерлеп отырған кезде жәбірленуші Ж. жақындап, оның жағдайын білмек болғанда, өзімен бірге алып жүрген «кастетке» ұқсас затты ұстап, себептен себепсіз жәбірленуші Ж.-ның бет тұсынан соққы жасап, дене жарақатын салған.
Басты сот талқылауында сотталушы И. кінәсін толығымен мойындайтынын және жасаған әрекетіне шын ниетпен өкінетінін көрсеткен.
Жәбірленуші И. сотталушыға қоятын арыз-шағымы жоқ екенін, кешірім беретінін көрсеткен.
Сот үкімімен сотталушы И. Қазақстан Республикасының ҚК-нің 293-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 4 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Байқоңыр қалалық соты