Байқоңыр қалалық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 73-бабы 1-бөлігі бойынша азамат Н.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
Сотта анықталғандай, азамат Н. әйелі Л.-ға былапыт сөйлеп, ар-намысына тиетін сөздер айтып, сыйламаушылық көрсетіп, оның тыныштығын бұзатын әрекеттер жасаған.
Сотта Н. әрекетін толығымен мойындайтынын, әйелін балағаттап, ар-намысына тиетін сөздер айтқанын растап, кешірім сұрайтынын көрсетті.
Жәбірленуші Л. күйеуі ар-намысына тиетін сөздер айтқанын, дегенмен, сот отырысына дейін өзара татуласқандарын және оған кешірім беретінін көрсетті.
Сот қаулысымен азамат Н. тараптардың татуласуына байланысты жауаптылықтан босатылып, іс өндірістен тоқтатылды.
Байқоңыр қалалық соты