Талап қоюшы Қызылорда қалалық сотына жүгініп, 2024 жылы қазан айында жоғары қабатта тұратын жауапкердің пәтерінен су кеткенін, соның салдарынан пәтерінің жоғарғы жағында ыза пайда болып, өзіне материалдық шығын келгенін көрсеткен.
Сотта талап қоюшы келтірілген материалдық шығынды, жүргізілген сараптама құнын және моральдық зиянды жауапкерден өндіруді сұрады.
Жауапкер оқиғаның орын алғанын, алайда талап қоюшы сұраған соманы тауып бере алмайтынын көрсетті.
Сот тараптардың түсінігін тыңдай келе, оларға татуластыру рәсімдерінің тиімділігін түсіндірді.
Нәтижесінде, көршілер сотта дау бойынша өзара келісімге келді.
Талап қоюшы моральдық зиянды өндіріп алу туралы талап қоюынан бас тартатынын көрсетті. Жауапкер талап қоюшыға материалдық шығынды бөліп төлеуге міндеттенді.
Сот медиациялық келісімді бекітіп, азаматтық іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.
Қызылорда қалалық соты