Қазалы аудандық сотында азамат Қ.-ға қатысты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
Сотта анықталғандай, азамат Қ. туған қызы Ж.-ға сыйламаушылық көрсетіп, былапыт сөйлеп, үй тыныштығын бұзған.
Сотта жәбірленуші Ж. әкесі тарапынан ауыр сөздерді көтере алмай, арыз түсіргендігін, сот отырысында әкесі кешірім сұрағанын, әкесіне кешірім бергенін көрсеткен.
Қ.-ның құқық бұзушылық әрекеті сотта іс құжаттарымен толық дәлелденген.
Жәбірленушімен татуласуына байланысты әкімшілік құқық бұзушылық іс тоқтатылған.
Қазалы аудандық соты