Жалағаш аудандық сотында 2025 жылғы 16 шілдеде қабылданған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық заңнаманы оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын талқылауға арналған семинар өтті.
Семинарға аудандық сот төрағасының міндетін атқарушы А. Мизанбаев, аудандық прокуратура, полиция, көші-қон және пробация қызметтерінің өкілдері, сондай-ақ аудандық бұқаралық ақпарат құралдарының тілшілері қатысты.
Семинарды сот төрағасының міндетін атқарушы А.Мизанбаев ашып, қатысушыларды күн тәртібімен таныстырып, заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға тоқталып, оларды тәжірибеде қолданудың ерекшеліктерін атап өтті.
Аталған заң аясында бірқатар нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізілген. Атап айтқанда, ҚР Қылмыстық Кодексіне жаңадан 125-1-бап – «Некеге тұруға мәжбүрлеу» бабы қосылды. Бұл бап бойынша енді мұндай әрекеттер үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.
Семинар барысында қатысушылар пікір алмасып, өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыру жолдарын талқылады.
Шараны қорытындылай келе, сот төрағасының міндетін атқарушы А.Мизанбаев енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды тәжірибеде тиімді қолданудың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, заң талаптарын қатаң сақтау қоғамдағы құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудің негізгі тетігі екенін жеткізді.
Жалағаш аудандық соты