Сырдария аудандық сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 188-бабының 1-бөлігімен айыпталған Қ.-ның қылмыстық ісі қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, сотталушы Қ. 2024 жылдың қараша айында жәбірленушінің тұрғын үйін өңдеп-тазалау қызметін атқарып жүріп, жатын бөлмесіндегі ағаш сөреде тұрған құны 370 000 теңге тұратын алтынмен қапталған қол сағатын жасырын жымқырған.

Басты сот талқылауында сотталушы кінәсін және
азаматтық талапты мойындап, жәбірленушіге келтірген мүліктік шығынның есесін келешекте толтыратынын, асырауында 3 кәмелетке толмаған баласы барын және өзі жүктіліктің 39 аптасында екенін көрсетіп, рақымшылық жасау заңын қолданып, өзін қылмыстық жауаптылықтан босатуды сұрады.

 «Қазақстан Республикасы Конституциясының отыз жылдығына
байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2025 жылғы 23 маусымдағы №195-VIII ҚРЗ заңының 2-бабы 1-тармағының 3)тармақшасына сай,қылмыстық жауаптылықтан немесе негізгі жазадан залалдың немесе азаматтық талап қоюдың бар-жоғына қарамастан, ауырлығы орташа қылмыстар жасаған әлеуметтік жағынан осал адамдар босатылады делінген.

Аталмыш Заңның талаптарына сай жүкті әйелдер және он сегiз жасқа толмаған балалары бар әйелдер әлеуметтік жағынан осал адамдарға жатқызылған.

Сот қаулысымен ҚК-нің 188-бабының 1-бөлігімен сотталушыға рақымшылық жасау туралы Заңының 2-бабы 1-тармағының 3) тармақшасы қолданылып, ол қылмыстық жауаптылықтан босатылды және қылмыстық іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.

Азаматтық жауапкер Қ.-дан азаматтық талап қоюшының пайдасына 370 000 теңге мүліктік шығын өндірілді.

Сырдария аудандық соты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған