Сырдария аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 73 бабының 1-бөлігімен азамат П.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Азамат П. жәбірленуші О.-ға былапыт сөйлеп, үй тұрмысындағы заттарды бүлдіріп, отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастағы азаматтарға сыйламаушылық көрсеткен.

Сот отырысында құқық бұзушы П. әрекетін толық мойындап, жәбірленушіден кешірім сұрап татуласқанын көрсетіп, әкімшілік құқық бұзушылық ісін өндірістен тоқтатуды сұрады.

Жәбірленуші О. сот отырысына дейін жазбаша арызданып, арызында әкесіне кешірім беретінін көрсетіп, істі өзінің қатысуынсыз қарауды, іс жүргізуді тоқтатуды сұраған.

Сот қаулысымен құқық бұзушы П. әкімшілік жауаптылықтан тараптардың татуласуына байланысты босатылды және 64-бабына сай өндірістен тоқтатылды.

Сырдария аудандық соты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған