Сырдария аудандық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 669-бабының 1-бөлігімен А.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Іс бойынша А. кәмелетке толмаған балаларын асырап бағу үшін өндіріп алушы А.-ның пайдасына алимент өндіру туралы сот бұйрығын орындаудан жалтарып, 1 082 413теңге көлемінде алимент бойынша берешегі жинақталған.

Сот отырысында А. сот бұйрығы шығарылғанын білетінін, жұмысы болмауына байланысты алимент бойынша міндеттемелерін орындай алмағанын көрсетті.

Азамат А. 01.10.2024 жылдан бері жұмыс істеп, табыс тауып,
табысынан алимент төлеуге нақты әрекеттер жасамаған, жұмыссыз ретінде
тіркелмеген, оның жұмыссыз болуы алимент төлеу міндетінен босатпайды.

Сот қаулысымен А. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 669-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 1 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.

Сырдария аудандық соты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған