Арал аудандық сотында мемлекеттік рәміздер күніне арналған шара өткізілді. Оған сот әкімшісінің басшысы мен мамандар қатысты.

Шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындаумен ашылды.

Сот әкімшісінің басшысы З.Сермағамбетова сот ұжымын Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтап, мемлекеттік рәміздер Тәуелсіздіктің басты нышандары, халқымыздың бірлігі мен елдігіміздің белгісі болып табылатынын айтты. Сонымен бірге, мемлекеттік рәміздердің сот жүйесіндегі маңызды рөлін атап өтіп, сот актілері Қазақстан Республикасының атынан шығарылып, сот жүйесінің негізгі белгілері болып табылатын Мемлекеттік Ту мен Елтаңба орнатылған сот отырыстарының залдарында жарияланатынын айтып өтті.

Шара барысында мемлекеттік рәміздердің тарихы, олардың отансүйгіштікті қалыптастырудағы маңыздылығы жайлы айтылды.

Шараны қорытындылаған сот әкімшісінің басшысы мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсету – әр адамның парызы екенін атап өтті.

Арал аудандық соты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған