Жауапкер Д. өз басқаруындағы автокөлігімен Қызылорда-Жалағаш тас жолында талап қоюшы А.-ға тиесілі сиырға соғып, жол-көлік оқиғасын жасап, оқиға болған жерде жауапкер сиыр малын сойып, етін өзімен бірге алып кеткен.
Аталған іс бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамы болмауына байланысты полиция инспекторының қаулысымен іс жүргізу тоқтатылған.
Талап қоюшы сотқа азаматтық тәртіппен жүгініп, жауапкер Д.-дан сиыр құнын – 350000 теңге өндіруді сұраған.
Істі қарау барысында тараптар дау бойынша өзара келісімге келгендерін көрсетіп, соттан медиациялық келісімді бекітуді сұрады.
Медиациялық келісімнің талаптарына сәйкес, тараптар дау бойынша өзара бітімгершілікке келіп, жауапкер Д. талап қоюшы А.-ға 150 000 теңгені 2025 жылғы 5 маусымға дейін төлеуге міндеттенді.
Ал, талап қоюшы А. жауапкер 350 000 теңге өндіру туралы талап қоюынан бас тартты.
Сот ұйғарымымен тараптардың арасында дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім бекітіліп, іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.
Жалағаш аудандық соты