Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасы ҚК-нің106-бабының 2-бөлігінің 7,11) тармақтарымен кәмелетке толмаған сотталушы М.-ға қатысты іс қаралды.

22.11.2007 жылғы сотталушы М. 03.02.2025 жылы сағат 13:00 шамасында кәмелетке толмаған жәбірленуші А.-ның өзіне бағытталған былапыт сөздеріне ашуланып және оның өзін жерге жыққанына қорланып, өзінің үйінің ауласынан пышақ алып шығып, өз іс-әрекетінің қоғамға қауіпті екенін ұғынып, оның қоғамдық қауіпті зардаптарының болуы мүмкін екенін және осы зардаптың туындауын қалап, жәбірленушінің денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіру мақсатында кәмелетке толмаған А.-ның сол кеудесінің қуысына ауыр дене жарақатын салған.

Сотталушы М. Қазақстан Республикасы ҚК-нің 106-бабының 2-бөлігінің 11-тармағыменкінәлі деп танылып,6 жылға бас бостандығынан айрылды.

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған