Сырдария ауданының тұрғыны Д. есімді азамат Сырдария ауданы, Нағи Ілиясов ауылы, Абай және Сәтбаев көшесінің қиылысында алкогольді масаң күйде автокөлігін басқарып, құқық бұзушылық жасаған.
Медициналық куәландырудың қорытындысына сәйкес, жүргізуші орташа дәрежелі алкогольді масаң күйінде болған.
Сот отырысында оның құқық бұзушылық әрекеті, өзінің кінәсін мойындаған жауабымен, сондай-ақ сотта зерттелген іс құжаттарымен толық дәлелденген.
Аудандық соттың қаулысымен азамат Д. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 15 тәулік әкімшілік қамаққа алынып, көлік құралын басқару құқығынан 7 жыл мерзімге айырылды.
Сырдария аудандық соты