Сырдария аудандық сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігімен айыпталған К.-ның қылмыстық ісі қаралды.

Сотталушы К. 02.04.2025 жылғы ғимаратта әжетхана ішінде қараусыз қалған ұялы телефонды көріп,жасырын жымқырып жәбірленуші Т.-ға 103 000 теңгеге мүліктік зиян келтірген.

Сотталушының қылмыстық әрекеті, іс құжаттарымен және өзінің жауабымен толық дәлелденген.

Сот үкімімен К. Қазақстан Республикасының ҚК-нің 188-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, сол мерзімге пробациялық бақылау белгіленді.

Сырдария аудандық соты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған