Қызылорда қаласының №2 сотында Қазақстан Республикасының КК-нің 107-бабы 2-бөлігінің 5)-тармағымен бұзақылық ниетпен денсаулыққа қасақана зиян келтірген сотталушы К.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотталушы К. көшеде мысықтарға тамақ беріп тұрған жәбірленуші Д.-ны көріп, онымен сөз таластырып болмашыны желеу етіп, оның орыс тілінде айтқан сөзін түсінбей ашуланып, ұрып соғып, оқиға орнынан бой тасалаған. Осылайша К. бұзақылық ниетпен адамның денсаулығына қасақана орташа зиян келтіріп, қылмыстық құқық бұзушылық жасаған.

Сотталушының кінәсі жәбірленушінің жауабымен, сараптама қорытындысымен және басқа да сотта зерттелген дәлелдемелердің жиынтығымен толық дәлелденеді.

Басты сот талқылауында сотталушы өз кінәсін толық мойындап, жәбірленушіден кешірім сұрап, соттан жеңіл жаза тағайындауды сұраған.

Сот үкімімен сотталушы К. ҚК-нің 107-бабы 2-бөлігінің 5)-тармағымен кінәлі деп танылып, 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.

Қызылорда қаласы №2 соты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған