Қызылорда облыстық сотында 9 мамыр – Жеңіс күніне арналған мерекелік шара өткізілді.
Шараға Қызылорда облыстық сотының төрағасы Ә.Шығамбаев, Сот Әкімшілігінің Қызылорда облысы бойынша Департаментінің басшысы С.Сүлеймен, облыстық соттың судьялары, Судьялар Одағының Қызылорда облысы бойынша филиалының төрағасы Б.Елшібеков, аудандық соттардың төрағалары мен судьялары, сот әкімшілерінің басшылары мен мамандары қатысты.
Облыстық соттың төрағасы Ә.Шығамбаев мерекелік шараны ашып, Жеңіс күні ерлік пен батырлықтың символы екенін атап өтіп, сот ұжымын мерекемен құттықтады.
Сот жүйесінің ардагері, оставкадағы судья А.Әнуарбеков сот жүйесінің дамуына үлес қосып келе жатқан судьялар мен қызметкерлерге мерекелік игі тілегін білдірді.
Шара барысында қызметтік міндеттерін абыроймен атқарып, саланың дамуына қосқан үлестері үшін сот жүйесінің өкілдеріне бірқатар марапаттар табысталды.
Сот Әкімшілігінің Қызылорда облысы бойынша Департаментінің басшысы С.Сүлеймен, отставкадағы судья Е.Шевцова Қазақстан Республикасы Судьялар Одағының «Үш би» төсбелгісімен, отставкадағы судья А.Әнуарбеков «Жеті жарғы» төсбелгісімен марапатталды.
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы М.Ибрашев «Судьялар Одағының құрметті мүшесі» төсбелгісімен, Сот Әкімшілігі Қызылорда облысы бойынша Департаментінің Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы А.Смағамбетова «Сот жүйесінің белсенді қызметкері» төсбелгісімен марапатталды.
ҚР Судьялар Одағының Құрмет Грамотасымен кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған сотының судьясы З.Абылайқызы, әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының судьясы И.Тұңғышбаев, Қызылорда қаласының №2 сотының бас маман-сот отырысының хатшысы А.Абызова марапатталды.
ҚР Судьялар Одағының Алғыс хатымен мамандандырылған тергеу сотының судьясы Т.Тілеп, мамандандырылған экономикалық сотының бас маман-сот отырысының хатшысы Ғ.Қуанышбаева, Қызылорда қалалық сотының бас маман-сот отырысының хатшысы А.Жаппасбаева марапатталды.
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі