Байқоңыр қалалық сотының ұйымдастыруымен аумақтық жеке сот орындаушылардан санкциялауға байланысты түскен материалдардың сапасына және сот актілерінің орындалуы бойынша кездесу өтті.

Шараға қалалық соттың төрағасы Ж.Үсен, бас маман Д.Сахи және аумақтық жеке сот орындаушы С.Оспанов пен Б.Қожамұратов қатысты.

Сот төрағасы Ж.Үсен борышкерді Қазақстан Республикасының аумағынан шығуын уақытша шектеу туралы санкциялау материалдарын рәсімделуіне аса мән беруді, сотқа дейін іс құжаттарын толық зерттеуді, қажетті құжаттарды жинақтау және мемлекеттік тілде жүргізілуіне ықпалдастық білдіруге шақырды.

Сот актілерінің белгіленген мерзімде орындалу жөнінде, сондай-ақ атқару құжатын негізсіз қайтару фактілері айтылып, сот актілерін уақытылы орындау үшін құзырлы органдармен бірігіп іс-шаралар ұйымдастыру жайы талқыланды.

Шара барысында қатысушылар өзара пікір алмасып, өздерін толғандырған сұрақтарына толыққанды жауап алды.

Байқоңыр қалалық соты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған