Қоршаған ортаға немқұрайлы қарамайтын жассың ба? Табиғатты қорғау – сен үшін жай сөз емес, өмірлік ұстаным ба? Онда дәл қазір “Республикалық Эко-әдеттер челленджіне” қосыл!

Бұл челлендж – Қазақстан жастары арасында экологиялық мәдениетті дамытуға, тұрақты әдеттерді қалыптастыруға, сондай-ақ табиғатты аялауға арналған ерекше бастама.

Мақсатымыз:

Жастар арасында экосананы арттырып, таза болашаққа үлес қосу. Жауапты өмір салтын қалыптастырып, табиғатпен үндестік орнату.

Номинациялар:

Ағаш отырғызу және сенбіліктерге белсенді қатысу

Қоқыстарды сұрыптау

Экобілім және ақпараттық ағарту

Эко-өнер (шығармашылық көзқарас)

Экоинновациялар және идеялар

Ұзақтығы:

2025 жылдың 30 қазанына дейін.

Қатысу және сұрақтар бойынша:

@jasylel_kz парақшасының #direct бөліміне жазыңыз.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған