Облыстық сотта Қызылорда облыстық сотының, Қызылорда қалалық сотының және Қазақстан Республикасының Қаржылық Мониторинг Агенттігінің бірлескен семинары өткізілді.

Семинарға облыстық және қалалық соттардың судьялары, аудандық және оған теңестірілген соттардың судьялары бейнебайланыс арқылы, Қазақстан Республикасының Қаржылық Мониторинг Агенттігінің өкілдері, «Астана» халықаралық қаржы орталығының қаржы технологиялары бөлімінің сарапшылары Е.Орынбасар, А.Әміров бейнебайланыс арқылы қатысты.

Семинарды Қызылорда облыстық сотының судьясы М.Еркінбеков ашып, қатысушыларды күн тәртібімен таныстырып, көтеріліп отырған мәселелердің маңыздылығына тоқталып, мүліктік құқықтар мен цифрлық активтердің құқықтық жағдайын айқындаудың ерекше маңызға ие екенін, мүлiктiк игiлiктер мен құқықтарға заттар, ақша, соның iшiнде шетел валютасы, қаржы құралдары, жұмыс, қызмет, шығармашылық-интеллектуалдық қызметтiң объектiге айналған нәтижелерi, фирмалық атаулар, тауарлық белгiлер және бұйымды дараландырудың өзге де құралдары мүлiктiк құқықтар, цифрлық активтер мен басқа да мүлiк жататынын атап өтті.

Қазақстан Республикасының Қаржылық Мониторинг Департаментінің өкілі Д.Мұратбаев цифрлық активтермен мәміле жасау кезінде туындайтын мәселелер бойынша баяндама жасап, цифрлық активтердің ұғымы мен түрлері, сондай-ақ цифрлық активтер айналымының ерекшеліктері туралы айтып өтті.

Семинар соңында қатысушылар өзара пікір алмасты.

Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған