Қазақстан Республикасы Судьялар Одағының Қызылорда облысы бойынша филиалы мен Қызылорда облыстық сотының ұйымдастыруымен журналистер арасында
«Сот репортері» байқауы өтетіні жарияланады.
Байқау талаптары бойынша журналистердің авторлық жұмыстарында қоғамда заңдылықты, тәртіпті нығатудағы сот қызметі, оның рөлі, сот процестерінің тәрбиелік мәні, моральдық-адамгершілік тақырыбындағы соттар мен судьялар жайлы очерктер, сот тәуелсіздігін қамтамасыз ету, олардың мәртебесін нығайту мәселелері туралы, сот жүйесіне енгізілген қазіргі заман технологияларының халық үшін пайдасы, судьялардың ауыр да мәртебелі еңбегі, судья және сот қызметкері күніне қатысты тақырыптар қамтылуы керек.
Байқау материалдары «Байқауға!» деген белгімен белгіленіп, жарияланған күнін, қысқаша аннотациясын, авторы туралы мәліметтерді көрсетіп, (А.Т.Ә., жұмыс орны, кәсібі, тұрғылықты жері, телефон нөмері, электрондық пошта адресі) өтініш жазып, автор материалы жарияланған газет немесе журнал түпнұсқада немесе редакциялық баспа куәландырған көшірмеде, сондай-ақ, бейнематериалдар электрондық нұсқада (СД-дискіде) жинақталып ұсынылуы тиіс.
Байқауға газет, журнал, интернет газеттер мен порталдарға жарияланған мақала, очерк, сұхбаттар, көрсетілген бейнесюжеттер мен телебағдарламалар
2025 жылдың 2 мамырынан бастап 20 маусымына дейін қабылданады.
Конкурсқа ұсынылған материалдар осы мерзім аралығында жарияланған болуы қажет.
Конкурстық жұмыстар қайтарылмайды.
Байқау жеңімпаздары ұсынылған материалдарды саралау нәтижесімен 2025 жылдың маусым айының соңында Қазақстан Республикасы Судьялар Одағының Қызылорда облысы филиалы дайындаған арнайы дипломдар және сыйлықтармен марапатталады.
Өтініштер мына мекен-жай бойынша қабылданады:
Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі, 29-үй, 508-кабинет
E-mail: 724-0802@sud.kz, pressa_kzloblsud@mail.ru
Тел: 55-12-16, 55-97-24, 0802 (ішкі), 8 702 964 42 35
Қазақстан Республикасы Судьялар Одағының
Қызылорда облысы бойынша филиалы