Жалағаш аудандық сотында Қазақстан РеспубликасыныңӘҚБтК-нің 517- бабының 5-бөлігімен Өзбекстан Республикасының 5 азаматына қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істері қаралды.
Құқық бұзушылар Жалағаш кент орталығында құрылыс жұмыстарымен айналысып жүрген жерлерінен полиция қызметкерлерімен ұсталып, олардың тіркеусіз, жұмысқа орналасуға рұқсатты алу еңбек қызметін жүзеге асыруға қажетті шарт болып табылатын жағдайда, мұндай анықтаманы не рұқсаттарды алмастан, Қазақстан Республикасында еңбек қызметін заңсыз жүзеге асырғаны анықталған.
Сот отырысында құқық бұзушылар кінәларын мойындаған, олардың әрекеттері іс құжаттарымен дәлелденген.
Сот қаулысымен аталған азаматтар ӘҚБтК-нің 517-бабының 5-бөлігімен Қазақстан Республикасының шегiнен әкімшілік жолмен шығарып жiберу түріндегі әкімшілік жазаға тартылды.
Жалағаш аудандық соты