Арал аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 610-бабының 3-бөлігімен азамат К-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
Сотта анықталғандай, К.көлiк құралдарын басқару құқығы жоқ адам бола тұра, автокөлігімен азамат С-ның басқаруындағы автокөлігіне жол жүрісі қағидасын бұзып соқтығысып, жәбірленушіге материалдық залал келтірген.
Сот отырысында оның құқық бұзушылық әрекеті өзінің кінәсін мойындаған түсінігімен, сондай-ақ сотта зерттелген іс құжаттарымен толық дәлелденген.
Сот қаулысымен К. жоғарыда аталған баппен кінәлі деп танылып, оған 165 144 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.
Арал аудандық соты