Қазақстан Республикасы адам құқықтарын қорғаудың халықаралық стандарттарына қосыла отырып, отбасылық – тұрмыстық зорлық – зомбылық деңгейін төмендету бойынша белсенді қадамдар жасауда.

Алдын алу және құқыққа қарсы оқиғаларға барабар ден қою арасында тиімді теңгерімді табуға ерекше мән беріледі. Сонымен қатар, барлық жағдайларда отбасын сақтау, отбасылық байланыстар мен құндылықтарды нығайту мүмкіндігі ескеріледі. Оңтайлы тепе-теңдік ешбір елде табылмағанын атап өткен жөн.

Қазақстандық қоғамда жауапкершілікті қатаңдату мәселелеріне қатысты ғылыми пікірталас осы күнге дейін жалғасуда. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және қауіпсіздік Кеңесінің тапсырмасына сәйкес Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының базасында отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл саласында қабылданып жатқан шаралардың тиімділігі туралы ғылыми-практикалық зерттеу жүргізілді.

Отбасылық-тұрмыстық зорлық – зомбылыққа қарсы іс-қимыл Қазақстан Республикасы мемлекеттік саясатының маңызды бағыттарының бірі болып табылады, өйткені біз мемлекеттің ұлттық мүдделері қоғамның рухани-адамгершілік құндылықтары, адам құқықтары мен бостандықтары туралы айтып отырмыз. Қоғамда қордаланып қалған өзекті мәселеге орала берудің өзіндік себебі бар. Дөңгелек үстелдің маңыздылығы да сонда кез келген мәселені өз  маманы айту керек. Себебі саладағы салғырттық қызметтегі тәжірибенің арқасында ғана жолға қойылып, қоғамға пайдалы болары анық. Себебі әлеуметтік желіден сенсация іздейтін бүгінгі қоғамда білікті мамандардың орнықты пікірі мен салмақты сараптамалары ауадай қажет.

Г.С.Косжанова

Шиелі аудандық сотының бас маман

сот отырысының хатшысы

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған