Байқоңыр қалалық сотының ұжымы Байқоңыр қаласындағы №273 орта мектебінде ашылған қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының мұражайына барып, ұлы тұлғаның рухани және мәдени мұрасымен тереңінен танысты.

Шара барысында қазақ тілі және қазақ әдебиеті бірлестігінің жетекшісі Г. Жамалатова және мектеп директорының ғылыми-әдістемелік орынбасары Ж.Досболава Абай Құнанбайұлының өмір жолы, шығармашылық мұрасы, философиялық еңбектері мен қоғамдық қызметі туралы кеңінен ақпарат беріп өтті.

Сот төрағасы Ж.Үсен мұражайдағы тілек кітапшасына өзінің тілегін қалдырып, Абай мұрасының жас ұрпаққа берер тәлім-тәрбиесі мол екенін айта келіп, мектеп ұжымына жетістіктер мен шығармашылық табыс тіледі.

Шара барысында сот қызметкерлері мен мектеп оқушылары мұражайда ақынның көркем тілді, кемел ойлы өлеңдерін мәнерлеп оқып, шығармашылығына құрмет көрсетті.

Сондай-ақ, сот төрағасы атынан мектеп оқушылары мен ғылыми жетекшілеріне алғыс хаттар табысталды.

Шара соңында қалалық соттың судьялары мектеп аумағында орналасқан Абай Құнанбайұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

Байқоңыр қалалық соты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған