Қызылорда қаласында жүрген Өзбекстан Республикасының азаматы Е. құжаттарын тексеру барысында, азамат 2024 жылғы 3 маусымда Қазақстан Республикасына жеке мақсатта келіп, ішкі істер органдарына уақытша тіркеуге тұрмай, тіркеу мерзімі аяқталғаннан кейін мерзімді ұзартпаған, еліне кетуден жалтарған.
Сот отырысында Е. кінәсін толық мойындап, бұл құқық бұзушылық әрекетіне өкінетінін білдіріп, құжаттарын заңдылықтарға сәйкес әзірлейтінін көрсетті.
Іс құжаттары бойынша Өзбекстан Республикасының азаматы Е. Қазақстан Республикасы аумағына келіп, ішкі істер органдарында уақытша тіркеуге тұрмай, тіркеу мерзімін ұзартпаған, еліне кетуден жалтарған.
Е. әрекеті кінәсін мойындау түсініктемесімен, полиция қызметкерлерінің баянатымен, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, адамның жеке басын және қолындағы заттарын тексеру және алу хаттамасымен бекітілген.
Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 517-бабының 4-бөлігімен құқық бұзушы кінәлі деп танылып, қаулы заңды күшіне енген соң 3 тәулік мерзім ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге әкімшілік жолмен шығарылды.
Қызылорда қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты