▪️Қызылорда облыстық сотында тәжірибе алмасу мақсатында судьялық өтілі бес жылға дейінгі жас судьялармен кездесу өткізілді.  
 
▪️Кездесуге Қызылорда облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Ж.Жақсылық, аудандық және оған теңестірілген соттардың жас судьялары қатысты.  
 
▪️Шараны ашқан алқа төрағасы Ж.Жақсылық қатысушыларды күн тәртібімен таныстырып, мұндай кездесулердің тәжірибе алмасудағы маңыздылығына тоқталды.  
 
▪️Кездесу пікір алмасу форматында өткізіліп, сот тәжірибесінде жиі кездесетін мәселелержан-жақты талқыланды.  
 
▪️Қармақшы аудандық сотының судьясы А.Қазыбеков істі сот талқылауына дайындаудың кейбір мәселелері бойынша баяндама жасап, сот тәжірибесімен бөлісті.
 
▪️Кездесуді қорытындылаған алқа төрағасы судья әдебі нормаларын сақтаудың маңыздылығына тоқталды.

Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған