▪️Қызылорда облыстық сотының төрағасы Ә.Шығамбаев және Сот Әкімшілігінің Қызылорда облысы бойынша Департаментінің басшысы М.Асанова Арал,Қазалы және Қармақшы аудандарына жұмыс сапарымен барды.
▪️Жұмыс сапары барысында облыстық сот төрағасы мен Департамент басшысы аудандық соттардың ғимараттарын аралап, материалдық-техникалық жағдайымен танысты.
▪️Сапар аясында облыстық сот төрағасы аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға келген азаматтар құқықтық сипаттағы сауалдарын қойып, талап қою тәртібі, заңдық маңызы бар фактілерді анықтау және өзге де мәселелер бойынша жүгінді. Тұрғындарға қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес тиісті түсіндірмелер берілді.
▪️Бұдан бөлек, аудандық соттардың судьяларымен және мамандарымен кездесулер өткізілді.
▪️Кездесулер барысында сот заңдылықты қамтамасыз ету, қызметтік әдеп нормаларын сақтау, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
▪️Сапар соңында Ә.Шығамбаев сот жүйесіне деген сенім судья мен сот қызметкерінің кәсібилігіне, жауапкершілігіне және қызметтік міндеттерін адал атқаруына байланысты екенін атап өтіп, сот ұжымдарының азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бағытындағы жұмыстарына сәттілік тіледі.
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі