▪️Байқоңыр қалалық сотында талап қоюшы «Р» ЖШС-нің жауапкер А.-дан келісім шарт бойынша берешекті өндіру туралы талап қоюы бойынша азаматтық іс қаралды.
▪️Тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге келгендерін көрсетіп, араларындағы келісімді бекітуді сұрады.
▪️Келісімнің шарттарына сәйкес, жауапкер талап қоюшының пайдасына берешекті 2027 жылғы 10 мамырға дейін ай сайын бөліп төлеуге міндеттенген.
▪️Сот ұйғарымымен тараптар арасындағы медиациялық келісім бекітіліп, іс жүргізу тоқтатылды.
▪️Талап қоюшыға төлеген мемлекеттік баж салығы қайтарылды.
Байқоңыр қалалық соты