▪️Қызылорда қаласының мамандандырылған тергеу сотының ұйымдастыруымен «Прокурордың, қылмыстық қудалау органдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне жасалған шағымдарды соттардың қарауы туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды талқылауға арналған семинар өткізілді.
▪️Семинарға Қызылорда облыстық сотының судьясы Қ.Абдуллаев, Қызылорда қаласының мамандандырылған тергеу сотының төрағасы Ғ.Чингисов, мамандандырылған тергеу сотының судьялары, сонымен қатар, бірқатар мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.
▪️Семинар барысында нормативтік қаулыға енгізілген өзгерістердің негізгі бағыттары, Қылмыстық-процестік кодексінің 106-бабын қолдану ерекшеліктері, прокурордың және қылмыстық қудалау органдарының әрекеттері мен шешімдеріне жасалған шағымдарды қараудың өзекті мәселелері талқыланды.
▪️Сонымен қатар, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін тиімді қорғау мәселелеріне қатысты ұсыныстар айтылды.
▪️Семинар соңында қатысушылар өзара пікір алмасты.
Қызылорда қаласының мамандандырылған тергеу соты