▪️Қызылорда облыстық сотының төрағасы Ә.Шығамбаев облыс әкімімен және құқық қорғау органдарының басшыларымен бірге Арал және Қазалы аудандарының тұрғындарына жеке қабылдау өткізді.

▪️Жеке қабылдау барысында тұрғындар бірқатар құқықтық мәселелермен, оның ішінде талап қою тәртібі, заңдық маңызы бар фактілерді анықтау, банкроттық, төлем қабілеттілігін қалпына келтіру, сот орындаушылардың әрекетіне дау айту, ортақ мүлік туралы дау және өзге де мәселелер бойынша сұрақтармен жүгінді.

▪️Тұрғындарға көтерілген мәселелер бойынша қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес тиісті түсіндірмелер берілды.

Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған