▪️Қармақшы аудандық сотында Билер кеңесінің қызметін дамытуға арналған кездесу өтті.
 
 ▪️Кездесуге аудандық сотының төрағасы Қ.Мыханов, Қызылорда облыстық Билер кеңесінің төрағасы З.Нұрсейтов, судьялар С.Кожаков, А.Қазыбеков, аудандық Билер кеңесінің төрағасы Қ.Есдаулетов және аудандық Билер кеңесінің мүшелері қатысты.
 
▪️Облыстық Билер кеңесінің төрағасы З.Нұрсейтов өз сөзінде билер кеңесінің негізгі мақсаты – халық арасындағы дауларды татуластыру жолымен реттеу екенін жеткізді. Сонымен қатар, қазақ қоғамдағы билер сотының тарихи рөліне тоқталып, кеңес жұмысының қағидалары мен тәртібін түсіндірді.
 
▪️Аудандық соттың төрағасы Қ.Мыханов Билер кеңесінің қызметін жетілдіру бүгінгі күннің маңызды міндеттерінің бірі екенін атап өтіп, ақсақалдардың өмірлік тәжірибесі қоғамдағы дау-дамайды сотқа жеткізбей шешуге үлкен көмек беретінін айтты.
 
▪️Аудандық Билер кеңесінің төрағасы Қ.Есдаулетов өз сөзінде билердің ғасырлар бойы әділдікті сақтауға және құқықтық мәдениетті қалыптастыруға қосқан үлесіне тоқталды.
 
▪️Кездесу соңында Билер кеңесінің жұмысын ұйымдастыру мәселелері талқыланып, пікір алмасты.

Қармақшы аудандық соты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған