▪️Арал аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 73-бабының 2-бөлігі бойынша азамат Т.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
 
▪️Сотта анықталғандай, азамат Т. үйіне алкогольдік ішімдік ішкен масаң күйде келіп, әйеліне былапыт сөздер айтып, мазасын алып, үй ішінде шу шығарып, отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетіп, жанұя шырқын бұзған. Ол бұған дейін осы тектес әрекеті үшін әкімшілік жазаға тартылғанына қарамастан, құқық бұзушылықты әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасаған.
 
▪️Сотта жәбірленуші мұндай жағдайдың жиі болып тұратынын көрсетіп, оған жаза қолдануды сұраған.
 
▪️Т.-ның әрекеті өзінің кінәсін мойындаған түсінігімен, сотта зерттелген іс құжаттарыменбекітілген.
 
▪️Сот қаулысымен Т. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 73-бабының 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды.

Арал аудандық соты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған