▪️ Талап қоюшы «К» ШЖҚ коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны сотқа талап қою беріп, онда жауапкер «Н» жеке кәсіпкерін мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тануды сұраған.
▪️ 04.06.2025 жылғы мемлекеттік сатып алу қорытындыларын бекіту туралы №12478217 шешімі бойынша жеңімпаз болып «Н» жеке кәсіпкері танылып, тараптар арасында келісім шарт жасалған. Келсім шартқа сәйкес, жеке кәсіпкер «Н» 1 389 900 теңгеге тиісті деңгейде ұнтақ қант тауарын тапсырыс берушіге жеткізу міндеттелген.
▪️ Алайда, жеке кәсіпкер «Н» келісім шартта көзделген міндеттемелерін орындамаған.
▪️ ҚР АҚ-нің 272-273 бабтарына сәйкес, міндетеме – міндетеме шарттары мен заң талаптарына сәйкес тиісінше орындалуға тиіс, ал заңдарда немесе шартта көзделгеннен басқа реттерде міндеттемені орындаудан біржақты бас тартуға және оның шарттарын біржақты өзгертуге жол берілмейді.
▪️ «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 12-бабының 4-тармағының 3)-тармақшасына сай, өздерімен жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарттар бойынша өз міндеттемелерін орындамаған не тиісінше орындамаған өнім берушілердің тізбесін білдіреді.
▪️ Сотпен тараптардың түсініктері тыңдалып, дәлелдемелер зерттеліп, талап қою толығымен қанағаттандырылып, жауапкер мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп танылды.
Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты