Сырдария аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің
73-бабы 1-бөлігі бойынша азамат Б.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
Азамат Б. алкогольдік масаң күйде туысына былапыт сөйлеп, үй тыныштығын бұзып, отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастағы азаматтарға сыйламаушылық көрсеткен.
Сот отырысында құқық бұзушы Б. өз әрекетін толық мойындап, жәбірленушіден кешірім сұрап татуласқанын көрсетті.
Жәбірленуші кешірім беретінін көрсетіп, іс жүргізуді тоқтатуды сұраған.
Сырдария аудандық сотының қаулысымен тараптардың татуласуына байланысты Б. әкімшілік жауаптылықтан босатылып, іс өндірістен тоқтатылды.
Сырдария аудандық соты