Қала көшелеріндегі қоғамдық көліктердің саны артқанымен, қоғамдық көлік қозғалысының сапасы мен қызмет көрсету бағытына жұртшылықтың берер бағасы әрқалай. Бүгінде заманауи әдістерді қолданысқа еңгізіп, қызмет сапасын арттыруды ойлаған “Қызылорда” автобус паркіндегілердің” басты мақсаттары орындалуда. Оған жасы кішіні қоя бергенде, үлкендердің электронды төлем түрлерін қолдануға тез үйренісуі дәлел. Бүгінде паркке қатысты бұдан өзге де жағымды жаңалықтар жиілеп келеді. Бірқатарын сұхбат арқылы тарқатайық.

– Парктегі соңғы жаңалық: жаңа 50 автобуспен толығуы. Құтты болсын! Ел игілігіне жарасын! Жаңа автобустардың артықшылығы неде?

– 2022 жылы облыс әкімінің тікелей тапсырмасымен бастапқы қаржы бөлініп, 150 автобус алынған болатын. Қазіргі таңда олардың кредиттік төлемдері төленіп жатыр. Осы тұста сұрағыңызға тікелей жауап беретін болсам, жаңа автобустардың артықшылығы ретінде алдымен мүмкіндігі шектеулі жандардың мінуіне және түсуіне қолайлы жағдайдың жасалуын айтуға болады. Сондайақ, автобус іші кең және бұрынғылармен салыстырғанда 1-м,-ге ұзын. Бастапқы автобустарда 4 камера болса, жаңаларында жүргізушіні және әр бағытында отырған жолаушыларды түсіретін 6 камера қамтамасыз етілген.

– Жаңа автобустардың салонының кең болуы қуантарлық жаңалық. Алайда, қаладағы үлкен сыйымдылықтағы атвобустарда әлі де орын тапшылығы байқалады. Себеп неде? Жалпы, паркке тиесілі қанша автобус бар?

– Қазіргі таңда баланста 2013 жылы және жақында әкелінгендерді қосқанда барлығы 210 автобус бар. Оның 160-ы ғана күнделікті бағытқа шығады. Неге десеңіз, оның алдында келген көліктердің пайдалану мерзімдері біткен. Күнделікті бағытта арасында бұзылып, жөндеуді қажет ететіндері де кезігеді. Жолаушыларды тасымалдау үшін күнделікті 19 бағыт бойынша 150160 автобус бағытқа шығады. Кей бағытқа автобустар көбірек бөлінеді. Өйткені, жолаушылардың сыйымдылығы соны талап етеді. Салыстырмалы түрде ең ұзақ шақырымды құрайтыны нөмірі 1-ші қоғамдық көлік. Қалаға қарасты саяжайларға қатынайтын ПАЗ автобустары да бар. Ал, күні кеше келген 50 автобустың құжаттары әлі де толық рәсімделмеген. Нөмірлерін де алу керекпіз. Бүгінде осы жұмыстармен айналысып жатырмыз. Аталған жұмыстар толық реттеліп, талапқа және заңға сай болғанда ғана оларды бағытқа қосамыз.

– Сөзіңіз аузыңызда, жұрт көп айтатын 17-ші нөмірлі автобустың саны мен жүру интервалында ешқандай мәселе болмайтын еді. Қазір соңғы аялдамаға келген бойда жүруге мәжбүр. Алайда, көп автобус беріледі дейсіз…

– Негізі 19 бағыттың барлығын қамтығанда әр бағытқа 12 автобус беріледі. Бағыт саны көп. Жалпы, Қызылорда қаласында жолаушылар тасымалына бағытталған жұмысты 5 тасымалдаушы мекеме орындайды. Соның бірі –«Қызылорда Автобус Паркі». Барлығы «Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қарасты. Қалған мекемелердің күнделікті көліктерді бағытқа қосу қоспаулары өз еріктерінде. Алайда, біз мемлекеттік мекеме болғандықтан қалалық әкімдіктің талабына тікелей бағынамыз.

– Тұрғындар тарапынан автобус паркіне қатысты қандай арыздар көбірек түседі?

– Өзім осы мекемеге баспасөз хатшы ретінде жұмысқа кіріскелі дистпетчерлік орталыққа «автобустарды ұзақ күтеміз», «интервалы ұзақ» деген сынды проблемаларды естимін. Одан өзге жолаушылар және құзырлы орган тарапынан жүргізушілердің әрекеттеріне қатысты да шағымдары жоқ емес. Атап өтер болсақ, жүру жылдамдығы, белдіктің тағылмауы және ұялы телефонды ұстап, көлік жүргізуі сынды фактілер бар. Алайда, парк тарапынан бұл мәселелер назарға алынып, жүргізушілерге арнайы түсіндіру жұмыстары да жүргізіледі. Дегенмен, бұрындары көп айтылатын автобустардың жарысуына қатысты шағымдар саны азайды.

 – Әйткенмен, сол жүргізушілердің тапшылығыда орын алуда екен. Қаншалықты рас?

– Паркте қызмет ететін барлығы 300 жүргізуші бар. Бұл цифр өзгеріске жиі түседі. Жүргізушілердің жұмыс режиміне тоқталсақ, 2 күн істеп, 2 күн демалады. Таңғы 645 те бағытқа шығып, 21.00де рейстерін аяқтайды. Дегенмен, арасында жүргізушілердің жұмыс уақытынан 12 сағат ерте қайтатын кездері де кездеседі. Оған Еңбек Кодексі мен келісім шарт бойынша 12 сағат жұмыс жасау керек деген тәртіп себеп. Әр автобусқа 2 жүргізушіден келеді. Демек, бұл дәл қазіргі таңда аса күрделі мәселе деуге болмайды. Алдағы уақытта құжаттары рәсімделген қоғамдық көліктер бағытқа шыққанда бұл мәселенің күрделенуі мүмкін. Бұл біздің облысқа ғана емес, республикаға тән проблема. Себебі «D» санатындағы 25 жастан асқан, жұмыс өтілі бар азаматтарды жүргізушілікке табу күрделі жұмыс. Бұл талапқа сай болғанымен, жүргізуші болуға кезкелген адам келісе бермейді. Себебі, жолаушылармен жұмыс жасаудың салмағы басым, жауапкершілігі жоғары. Паркте ауысыммен жұмыс жасайтын слесарьмеханиктер бар. Түнгі ауысымдағылар азаңғы бағытқа автобустарды жөндеп жібереді.

– Кей автобустарда кассир әлі де қызмет көрсетеді…

– Талап бойынша біздің серіктестікке қарасты үлкен сыйымдылықтағы автобустарда кассирлер қызмет көрсетпейді. Біздің мақсат цифрландыруды жүзеге асыру. Автобустар 100 пайыз электронды төлем жүйесімен қамтылған. Төлем түрлері жолаушының мүмкіндігіне қарай орындалады. Жақында нақты тариф енгізіліп, жолақы қолмақол 130 теңге, электронды түрде 85 теңге болып бекітілді. Нәтижесінде, халықтың 90 пайызы электронды төлем түрін қолданады.

– Паркке тиесілі біраз түйткілді мәселелерді алға тарттық. Енді жолаушыларды қуантарлықтай жаңалықтарыңызбен де бөлісе отырсаңыз…

– Осы жылдың жағымды жаңалығы деп паркке жаңа 150 автобустың қосылуын айтар едім. Орта, кіші сыйымдылықтағы автобустардың орнына заманауи талаптарға сай кондиционер, жылыту системасымен қамтамасыз етілген қоғамдық көліктермен толығуын ауыз толтырып айтуға болады. Одан бөлек, «2 гис», «Яндекс GO», «Яндекс Карта» деген үш бағдарламаның ұялы қосымшаға толықтай енуіде жаңалық болды. Осы қосымшалар арқылы халық күткен авто бустарының қайда және қай бағытта келе жатқанын көре алады. Диспетчерлік орталық пен әлеуметтік желіге келетін сауалдарға тұрақты жауап берілуде. Автобус паркінің тіршілігі күнделікті әртүрлі жобалар негізінде ақпараттандырылуда. Жолаушылар тарапынан келетін кез келген бағыттағы сұрақтарға басшылық ардайым толық және уақытылы жауап береді.

Сұхбатыңызға рақмет!

Сұхбаттасқан А.ӘЛИАРЫСТАН

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған