Өткен аптаның жексенбі күні облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев жауынгер-интернационалист Батыржан Шалғынбаевты еске алуға арналған футзалдан халықаралық турнирді қорытындылау іс-шарасына қатысып, жеңімпаздарды марапаттады. Биыл аталған турнир 28-ші мәрте ұйымдастырылуда.

Аймақ басшысы қатысушыларға алғыс білдіріп, жүлдегерлер мен жеңімпаздарды құттықтады.

Жарысқа Өзбекстан Республикасы мен еліміздің бірқатар өңірінен 32 команда қатысты. Турнир нәтижесімен 4 жүлделі орын алған команда мен “Үздік қақпашы», «Үздік қорғаушы», «Шабуылшы», «Мерген ойыншы», «Үздік ойыншы», «Үздік төреші» номинация иелері марапатталды.

Облыс бойынша 55 973 адам футболмен айналысса, оның ішінде футзалмен 5 650 адам шұғылданады. Жыл сайын жасөспірімдердің футболға деген қызығушылығы артып келеді. Сонымен қатар, әуесқойлар футбол лигасы бұқаралық спорт пен дене шынықтырудың дамуына үлесін қосуда.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған