ЖОЛДАУ -ТРАНЗИТТІК ҚУАТТЫ АРТТЫРАДЫ


«AMANAT» партиясы Теміржол филиалы Локомотив пайдалану депосы бастауыш ұйымда Президент Жолдауы түсіндіріліп талқыланды. Жиынды Локомотив пайдалану депосы бастауыш ұйым төрағасы Жұлдызбай Мұсаев ашып, жүргізіп отырды.

  • Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арналған Жолдау бүгінде барша қазақстандықтармен талқылануда. Жолдау жаңа әділетті Қазақстанды құру жолындағы 5 маңызды бағдарды айқындап берді. Бұл ел дамуының алдағы бағыттары. Қазіргідей кезде кез –келген салада мәселе бары жасырын емес. Теміржол – ел экономикасының күретамыры, дегенменде нақты әрі үздіксіз жұмыс істейтін көліктік кешен болмайынша мемлекеттің экономикасы ойдағыдай дами алмайды.Теміржол қозғаушы күш ретінде әрине бірінші кезекте теміржол көлігіне қатысты. Президент Жолдауында «Қазақстан теміржолы» компаниясы толыққанды транзиттік-логистикалық корпорация болып қайта құрылады» дегені алдағы уақытта үлкен өзгерістер болатынын көрсетеді- деді Жұлдызбай Мұсаев.
    Кездесуге «AMANAT» партиясы облыстық филиалының саяси кеңесінің мүшесі, «Магистральдық желі бөлімшесі» БПҰ төрағасы Ибраким Басықараев, «AMANAT» партиясы Теміржол филиалының Атқарушы хатшысы Базара Танбаева қатысып, Мемлекет Басшысының Жолдауында көрсетілген бағдарлар және оны іске асыру жөніндегі алдағы міндеттері туралы ойларын ортаға салды.
    Кездесу барысында бір топ белсенділер халық көкейінде жүрген мәселенің шешу жолында біршама жаңашылдықтың көңілден шығатынын айтып, кейбір бастамаларда өз ұсыныстарын берді.

Amanat

Жолдау2022

ЛокомотивПайдалануДепосыБПҰ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған