Қызылорда облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті мониторинг барысында облыстың білім бөлімдері жеке балабақшалардан заңда көзделмеген мәліметтерді негізсіз талап еткенін анықтады.

Атап айтқанда, балаларға арналған жолдамалардың нөмірлері мен күндері, сондай-ақ ата-аналық төлем сомалары туралы мәліметтер сұралды.

Ақпарат ұсынылмаған жағдайда уәкілетті орган кәсіпкерлерге мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асырғаны үшін өзіне тиесілі қаражатты төлеуден бас тартты.

Департаменттің ұсынымдары бойынша облыстың білім басқармасы құжаттаманы сәйкестендірді, қазіргі уақытта кедергі жойылды.

Қабылданған шаралардың нәтижелері бойынша 450-ден астам шағын бизнес субъектілерінің құқықтары қорғалды.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған