«Қазақстан Республикасындағы Сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 10 және 15 баптарына сәйкес Қызылорда қалалық мәслихат депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларын қалыптастыру бойынша хабарлама жариялайды. Округтік сайлау комиссияларының саны 23 және әр комиссия 5 адамнан қалыптастырылады.     

            «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының талаптарына сәйкес саяси партиялардан немесе өзге де қоғамдық бірлестіктерден және жоғары тұрған сайлау комиссиясынан ұсыныстар қабылданады. Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.    
            Саяси партиялар, өзге қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және қалыптастырылушы комиссияға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиясы 2023 жылдың                   01 қаңтары мен 15 қаңтары аралығында мәслихатқа келесі құжаттарды тапсырады:   

1) белгіленген нысан бойынша округтік сайлау комиссиясының құрамына кандидатуралар туралы электрондық және қағаз форматтағы мәліметтер;

            2) округтік сайлау комиссиясының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бiрлестiктiң немесе олардың филиалдарының (өкiлдiктерiнiң) шешiмi, жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешiмiнен үзiндi көшiрме; 

3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы  құжаттың көшірмесі;  

4) кандидаттардың округтік сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім беру туралы белгіленген нысан бойынша өтініштері;

5) Соттылығы жоқ туралы анықтама;

6) Психикалық, наркологиялық және туберкулез диспансерінде тіркеуде жоқ туралы  анықтама.  

Округтік сайлау комиссиясының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің нысандары, сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы кандидаттардың өтініштері қалалық мәслихаттың https://kzmaslihat.kz/kk/ сайтында орналастырылған.          

Округтік сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуі тиіс.

Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөр басылуы және орындалған күні, орындаушының тегі, аты-жөні және оның телефон нөмірі көрсетілген орындаушы туралы белгіні қамтуы тиіс.

Округтік сайлау комиссиясының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2023 жылғы                     01 қаңтары мен 15 қаңтары аралығында дүйсенбі – жұма күндері 09:00-19:00 сағат аралығында жүргізіледі, үзіліс сағат 13:00-ден 15:00-ге дейін. Белгіленген мерзімнен кейін түскен құжаттар қаралмайды.

Мәслихаттың орналасқан жері: Қызылорда қаласы Ы.Жахаев көшесі, 16 үй.

Жауапты адам – ​​ Мұхтаров Мұрат Абдуллаұлы, каб. № 3, қалааралық телефон коды (87242), қызметтік 27-42-07, 27-46-03, ұялы телефоны: 87028348007, электрондық пошта мекенжайы: kalalik-maslihat@mail.kz.  

Р/сКомиссия  түрінөміріСайлау комиссиясының орналасқан жеріКомиссия мүшелерінің саны
1Округтік сайлау комиссиясы№1Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Қызылжарма а/о, 9 – көше №32 ғимарат, №144 мектеп ғимараты5
2Округтік сайлау комиссиясы№2Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Камалов көшесі №39а, №10 мектеп ғимараты5
3Округтік сайлау комиссиясы№3Қызылорда облысы,Қызылорда қаласы, Камалов көшесі №35, «Қызылорда қызмет көрсету және сервис» колледжінің ғимараты5
4Округтік сайлау комиссиясы№4Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Момышұлы көшесі №78а, №253 мектеп ғимараты5
5Округтік сайлау комиссиясы№5Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Торайғыров көшесі №67, №43 мектеп ғимараты5
6Округтік сайлау комиссиясы№6Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Торайғыров көшесі №264, №222 мектеп ғимараты5
7Округтік сайлау комиссиясы№7Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Ш. Қалдаяқов көшесі №10а, №271 мектеп ғимараты5
8Округтік сайлау комиссиясы№8Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Жаппасбай батыр көшесі №72г, №282 мектеп ғимараты5
9Округтік сайлау комиссиясы№9Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Ақмешіт м/а №34, №9 мектеп ғимараты5
10Округтік сайлау комиссиясы№10Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Ақмешіт м/а №35, №136 мектеп ғимараты  5
11Округтік сайлау комиссиясы№11Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Әбілқайыр хан көшесі №36а, №23 мектеп ғимараты5
12Округтік сайлау комиссиясы№12Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Мұратбаев көшесі №11, №198 мектеп ғимараты5
13Округтік сайлау комиссиясы№13Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Әуелбеков көшесі №10, №5 мектеп ғимараты5
14Округтік сайлау комиссиясы№14Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Қоңыратбаев көшесі №22, №171 мектеп ғимараты5
15Округтік сайлау комиссиясы№15Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Шұғыла м/а №78, №7 мектеп ғимараты  5
16Округтік сайлау комиссиясы№16Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, А. Иманов көшесі №1, №233 мектеп ғимараты5
17Округтік сайлау комиссиясы№17Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Арай м/а, Әбдіразақов көшесі нөмірсіз, №278 мектеп ғимараты5
18Округтік сайлау комиссиясы№18Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Жібек жолы көшесі №61, №101 мектеп ғимараты5
19Округтік сайлау комиссиясы№19Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Түркістан көшесі №54, Абай атындағы мектеп ғимараты5
20Округтік сайлау комиссиясы№20Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, С. Бейбарыс көшесі №5, №264 мектеп ғимараты5
21Округтік сайлау комиссиясы№21Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Тасбөгет к., Шүкіров көшесі №1, №11 мектеп ғимараты5
22Округтік сайлау комиссиясы№22Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Тасбөгет к., Ғ. Мұратбаев көшесі №2, №176 мектеп ғимараты5
23Округтік сайлау комиссиясы№23Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Ақсуат а/о, Махамбетов ауылы, Абай көшесі №10, №143 мектеп ғимараты5

Қызылорда қалалық мәслихаты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған